Сипаттама
NCALayer бағдарламалық қамтамасыз етуі ҚР ҰКО ЭЦҚ құралдарын веб-қосымшаларында пайдалануға мүмкіндік береді. NCALayer функционалы бөгде әзірлеушілер ұсынатын қосымша модульдердің орнатуымен кеңейтілуі мүмкін.
Ұғымдар мен қысқартулар
| ҚР ҰКО | «Электрондық үкіметке», мемлекеттік және мемлекеттік емесақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы |
| ҚР НКО | Куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасыныңашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы |
| ЭЦҚ | Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы |
| Тіркеукуәлігі(Сертификат) | Электрондық цифрлық қолтаңбаның Қазақстан Республикасыныңнормативтік құқықтық актілері белгіленген талаптарғасәйкестігін растау үшін ҚР ҰКО беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат |
| Қорғалған жеткізгіш | Деректерді шифрлау үшін мамандандырылған контроллерді пайдаланумен ақпаратты тікелей жинақтауышқа жазған кезде орындалатын ақпаратты қауіпсіз сақтау құрылғысы. Ақпаратқа қолжеткізу үшін пайдаланушы жеке парольді көрсетуі тиіс |
| ОЖ | Операциялық жүйе – компьютердің ресурстарын басқаруғажәне пайдаланушымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру үшінарналған өзара байланысқан бағдарламалар кешені |
| ДК | Дербес компьютер |
| Веб-қосымша | Клиент браузер арқылы сервермен әрекеттесетін клиент-серверлік қосымша,ал серверге веб-сервер жауап береді |
Жүйелік талаптар
Жүйелік талаптар Java 8-ге арналған орындау ортасына негізделген. Толық сипаттамаларды мына сілтемелерден қараңыз:
Windows ОЖ, Linux және Mac OS X үшін Java бағдарламасын орнату талап етілмейді, себебі орындау ортасы NCALayer бағдарламасымен қамтамасыз етіледі.
Windows
- Windows 7 және одан жоғары
- Дискідегі бос орын: кемінде 200 МБ кем емес
Mac OS X
- Mac OS X 10.11 және одан жоғары
- Дискідегі бос орын: 200 Мб кем емес
Linux
3 және одан жоғары нұсқадағы Gnome графикалық ортасы бар GNU Linux ОЖ-нің кез келген нұсқасына қолдау көрсетіледі Дискідегі бос орын: 200 Мб кем емес
Браузерлер
- Chromium (Chrome, Opera, Yandex, Vivaldi және т.б.) негізделген WebSocket хаттама қолдауымен барлық танымал браузерлер - Firefox, Safari, IE 11.