Жаңалықтар

Жаңалықтар

Ақпараттық жүйеге тіркеу куәліктерін алу

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы ақпараттық жүйелерге тіркеу куәліктерін шығаруды іске қосады. Енді Ақпараттық жүйелер басқа ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл жасау үшін «Жеке тұлғаның ақпараттық жүйесі»  және «Заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі» үлгісі  бойынша шығарылған тіркеу куәліктерін пайдалана алады. Тіркеу куәлігінде ақпараттық жүйенің атауы және ақпараттық жүйе иесінің деректері болады.

Ақпараттық жүйе үшін тіркеу куәлігін алуға өтінім беру жеке тұлғаның не заңды тұлғаның бірінші басшысының жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

2016 жылғы 17 наурыздағы № 281 «Объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына» сәйкес Объектілік сәйкестендіргішті, сәйкестендіргішті (OID) алып, ақпараттық жүйеңізді алдын ала тіркеңіз – adilet.zan.kz. Егер сіздің ақпараттық жүйеңіз Объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментінде тіркелген болса, заңды тұлға/жеке тұлға – ақпараттық жүйенің иесі туралы ақпараттың, сондай-ақ ақпараттық жүйенің атауының өзекті екеніне көз жеткізіңіз.

OID берілгеннен кейін сіздің ақпараттық жүйеңіз тіркеу куәлігін шығаруға өтінім беру үшін жеке кабинет арқылы қолжетімді болады.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, 2020 жылғы 22 тамыз сағат 21:00-ден 23:55-ке дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің жауап беруін күту уақыты асып кетуі мүмкін.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2020 жылғы 25 шілдедегі сағат 21:00-ден бастап 26 шілдедегі сағат 01:00-ге дейінгі аралықта ҚР ҰКО қызметтерінің жауап беруін күту уақытының асуы ықтимал.

«Қазынашылық – клиент» АЖ қатысушылары үшін ЭЦҚ кілттерін алу»

«Қазынашылық – клиент» АЖ қатысушылары үшін ЭЦҚ кілттерін алу»
Қашықтан сәйкестендіру бойынша «Қазынашылық-Клиент» АЖ қатысушылары үшін тіркеу куәліктерін берудің тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз. «Қазынашылық-Клиент» АЖ арналған тіркеу куәліктерін алу үшін онлайн өтінім берiп тиісті құжаттар пакетімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-на (ХҚКО) жүгіну қажет.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2020 жылғы 06 маусымдағы сағат 21:00-ден бастап 07 маусым сағат 05:00-ге дейінгі аралықта ҚР ҰКО қызметтерінің жауап беруін күту уақытының асуы ықтимал.