Жаңалықтар

Жаңалықтар

Хабарландыру

Құрметті пайдаланушылар!

Базалық CRL және Delta CRL жүктеу санының артуына байланысты Интернет тарапынан IP мекенжайлары үшін мәжбүрлі шектеу орнатылғанын хабарлаймыз.  Жүктеу лимиттерінен асып кетсе, IP мекенжайлары 1 минутқа бұғатталады.

Құрметті ақпараттық жүйелердің иелері, негізгі CRL-ді күніне 1 рет, ал Delta CRL-ді сағатына бір реттен артық жүктемеу керек. Егер сіздің АЖ қызметі тіркеу куәліктерін (ЭЦҚ) жиі тексеруді қажет етсе, OCSP сервисін пайдалануды ұсынамыз.

NCALayer

NCALayer-ге арналған SSL сертификаттың жарамдылық мерзімінің өтуіне  байланысты қосымшаны жаңарту жүргізілді.

ҚР ҰКО ЭЦҚ кілттері арқылы аутентификация және қол қою кезінде қателер туындаған жағдайда ҚР ҰКО сайтынан NCALayer-дің жаңартылған нұсқасын мына сілтеме бойынша жүктеп алу қажет: https://ncl.pki.gov.kz/

Техникалық жұмыстар

Құрметті пайдаланушылар!

2023 жылғы 2 желтоқсан сағат 21:00-ден 2023 жылғы  3 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта ҚР ҰКО қызметтерінің қысқа мерзімді қолжетімсіз болуы мүмкін.

Техникалық жұмыстар

Құрметті пайдаланушылар!

2023 жылғы 18 қараша сағат 21:00-ден 2023 жылғы 18 қараша сағат 22:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады,осы уақытта ҚР ҰКО қызметтері қысқа мерзімге қолжетімсіз болуы мүмкін.

Хабарландыру

NCALayer-ді қолданатын ақпараттық жүйелерге арналған ақпарат.

Ақпараттық жүйелер файлдарында пайдаланушылардың құпия сөздерінің сақталмауын қадағалауы керек. Егер сақталса, ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізіп, жаңа модульге (жаңартылған SDK жиынтығы) көшу керек.

Егер NCALayer арқылы ЭЦҚ-мен жұмыс істеу кезінде ескірген MainApplet әдістері және kz.gov.pki.knca.commonUtils модулінен әдістер пайдаланылса, онда ақпараттық жүйеге жаңа kz.gov.pki.knca.basics (жаңартылған SDK жиынтығы) интерфейсіне көшуді ұсынамыз.

Толығырақ ҚР ҰКО форумында танысуға болады: https://forum.pki.gov.kz/t/otkaz-ot-starogo-api/2560