Жаңалықтар

Жаңалықтар

egov.kz порталында ЭЦҚ кілттерін смартфон камерасының көмегімен қашықтықтан алу

2022 жылғы 23 сәуірден бастап eGov.kz порталында ЭЦҚ алу үшін Digital ID бейне тексеруі компьютердің камерасын қолданбастан қолжетімді болады.

Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі – Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR -кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.

Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.

Бейне нұсқаулыққа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=64RGF5MwfCY

Айта кету керек, QR–код арқылы бейне тексеруді өз мобильді телефоныңызда өту ұсынылады.

macOS жүйесіне арналған NCALayer бағдарламасының жанартылуы

Құрметті қолданушылар!

macOS жүйесіне арналған NCALayer бағдарламасының куәландырылған нұсқасы (Apple notarization) жүктеуге дайын екенін хабарлаймыз.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2022 жылғы 19 наурыз сағат 21:00-ден 2022 жылғы 21 наурыз сағат 14:00-ге дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің қолжетімсіздігі туралы хабарлаймыз. Бұл жағдайда OCSP, OCSP және CRL қызметтері қалыпты режимде жұмыс істейді.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2022 жылғы 19 наурыз сағат 21:00-ден 2022 жылғы 20 наурыз сағат 19:00-ге дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің қолжетімсіздігі туралы хабарлаймыз. Бұл жағдайда OCSP, OCSP және CRL қызметтері қалыпты режимде жұмыс істейді.

Құрметті ақпараттық жүйелердің иелері мен әзірлеушілері!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы МЕМСТ 34.10-2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартқа жоспарланған көшу шеңберінде ҚР ҰКО-мен интеграцияланған ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер тарапынан тестілеу үшін Kalkancrypt COM 32-бит алдын ала нұсқасының жарияланғаны туралы хабарлайды.

Сондай-ақ, ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін шығару бойынша «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер» және «Кадрлар бөлімінің қызметкері» талап етілмеген шаблондардан бас тарту шеңберінде заңды тұлғалар үшін әзірлеуші жиынтығынан көрсетілген шаблондар бойынша тест кілттері алынып тасталды.