Жаңалықтар

Жаңалықтар

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2021 жылғы 24 қазан сағат 02:00-ден 09:00-ге дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің жауап беруін күту уақыты артуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының шет елдерінде орналасқан мекемелерінде ЭЦҚ кілттерін алу

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында «электрондық резиденттік» пилоттық жобасын (бұдан әрі – Е – резидент) іске қосты. Осы «Е-резидент» пилоттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан мекемелеріндегі (консулдықтардағы, елшіліктердегі) Қазақстан Республикасының азаматтарының электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алуы көзделген.
Бүгінгі таңда пилоттық жоба Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул және Франкфурт Майн қалаларында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істейді.
Елшілікке барар алдында көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының сайты арқылы тіркеу куәліктеріне алдын-ала өтінім беруі қажет. Өтінімді растау үшін қағаз нұсқадағы өтінішті, өтінімді берілгеннен кейін алынған құжаттарды және көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, дипломатиялық өкілдікке жүгінуі қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басы сәйкестендірілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «өтінімнің мәртебесін тексеру» сервисі арқылы тіркеу куәлігін алу процесін аяқтауы қажет.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2021 жылғы 26 қыркүйек сағат 02:00-ден 06:00-ге дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің жауап беруін күту уақыты артуы мүмкін.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2021 жылғы 11 қыркүйек сағат 21:00-ден 23:00-ге дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің жауап беруін күту уақыты артуы мүмкін.


Техникалық жұмыстар

Жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2021 жылғы 28 тамыз сағат 21:00-ден 29 тамыз 04:00-ға дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистеріне қысқа мерзімге қол жеткізілмейтіндігі туралы хабарлаймыз.