Техникалық жұмыстар
12/03/2021
Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2021 жылғы 13 наурыз сағат 21:00-ден 14 наурыз сағат 08:00-ге дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің жауап беруін күту уақыты артуы мүмкін.
Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2021 жылғы 13 наурыз сағат 21:00-ден 14 наурыз сағат 08:00-ге дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің жауап беруін күту уақыты артуы мүмкін.
Техникалық себептер бойынша, 2020 жылғы 03 желтоқсан сағат 16:21-ден 19:34-ке дейінгі кезеңде ҚР ҰКО OCSP сервисінің жауабын күту уақытының артуы тіркелді.
Қазақстандықтарға ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға заңсыз бергені үшін 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып Almaty.tv.
Ведомствоның деректері бойынша, соңғы уақытта қазақстандықтар тарапынан ЭЦҚ үшінші тұлғаларға беру туралы шағымдар жиілеп кетті. Тек 2020 жылы осындай 30-ға жуық факт анықталды. Өткен жылы 50-ден астам әкімшілік іс тіркелді.
ЭЦҚ қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең екенін және бірдей заңды салдарға әкелетінін есте сақтау маңызды. Өзін қорғау және алаяқтықтың құрбаны болмау үшін Министрлік ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеуге, жоғалған жағдайда оны дереу қайта шығаруға, сондай-ақ парольді стандарттан күрделіге ауыстыруға кеңес береді.
Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2020 жылғы 26 қыркүйек сағат 21:00-ден 23:55-ке дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің жауап беруін күту уақыты артуы мүмкін.
Қазіргі уақытта uBlock Origin кеңейтілуі 127.0.0.1 (localhost) мекенжайында ашық порттарды сканерлеуді анықтаған кезде сайттарды бұғаттай бастады. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу үшін жоғарыда аталған порт NCALayer қосымшасымен жұмыс істеу үшін қолданылады.
NCALayer қосымшасына қосылу кезінде қате орын алған жағдайда, uBlock Origin браузерінің кеңейтімі өшірілгеніне немесе қол жеткізгіңіз келетін интернет-ресурс uBlock Origin кеңейту баптауларындағы ерекшеліктерге қосылғанына көз жеткізу керек.
Танымал браузерлер үшін uBlock Origin (Google Chrome, Opera, Mozilla) ажырату үшін қажетті сайттың басты бетіне өтіңіз (мысалы pki.gov.kz, egov.kz, goszakup.gov.kz ), содан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1) браузердің жоғарғы оң жақ бұрышында тежегіш белгішесін (U) басыңыз.
2) өшіру белгішесіне басыңыз.
Сонымен қатар, https://yandex.ru/support/common/troubleshooting/yandex-in-adblock.html#ublock-origin сілтемесі бойынша Яндекс қызметінің мысалында uBlock Origin тежегішін ажырату жөніндегі нұсқаулықпен таныса аласыз.