Қазақстандықтарға ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға заңсыз бергені үшін айыппұл салынады

Қазақстандықтарға ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға заңсыз бергені үшін 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып Almaty.tv.

Ведомствоның деректері бойынша, соңғы уақытта қазақстандықтар тарапынан ЭЦҚ үшінші тұлғаларға беру туралы шағымдар жиілеп кетті. Тек 2020 жылы осындай 30-ға жуық факт анықталды. Өткен жылы 50-ден астам әкімшілік іс тіркелді.

ЭЦҚ қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең екенін және бірдей заңды салдарға әкелетінін есте сақтау маңызды. Өзін қорғау және алаяқтықтың құрбаны болмау үшін Министрлік ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеуге, жоғалған жағдайда оны дереу қайта шығаруға, сондай-ақ парольді стандарттан күрделіге ауыстыруға кеңес береді.