Заңды тұлғалар үшін «Қашықтан сәйкестендіру бойынша ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін алу» пилоттық жобасы

COVID-19 коронавирусты таратудың әлеуетті көздері ретінде ақпаратты қағаз жеткізгіштердің айналысынан бас тарту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-на (ХҚКО) бармай-ақ, қашықтан сәйкестендіру бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін алу мүмкіндігін беретін Пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлаймыз.

ХҚКО бармай-ақ, ЭЦҚ кілттерін қашықтан алу мүмкіндігі үшін Сізге:

  • Өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы болуы (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басын куәландыратын құжат);
  • Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар ұялы телефон болуы;
  • Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы;
  • ЭЦҚ-ны одан әрі орнату және пайдалану үшін қажетті NCALayer бағдарламалық қамтылымды орнату қажет.

«Қазынашылық – Клиент» қатысушыларына:

Электрондық цифрлық қолтаңбаны қашықтан алғаннан кейін, мемлекеттік мекеме қызмет орнындағы қазынашылық органға мемлекеттік мекеменің атауын, рөлі және таә көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-де әрі қарай жұмысын растау үшін ресми хабарлама жіберуі керек