Заңды тұлғалар үшін тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу

Заңды тұлға үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • заңды тұлға үшін ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініште көрсетілген тұлғаның мүдделерін білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат. Ұйымның мөрі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құжаттарды ұсыну өкілеттіктерін көрсете отырып, нотариалды куәландырылады және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою.

Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) жүгінбестен, жеке кабинетке өтіп, нұсқаулыққа сәйкес кері қайтарып алу қажет.

Тіркеу куәліктерін жеке кабинет арқылы кері қайтарып алған жағдайда, құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) ұсынылмайды.

«Қазынашылық-клиент» АЖ қатысушысы үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі»:

  • заңды тұлға үшін ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініште көрсетілген тұлғаның мүдделерін білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат.

Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) жүгінбестен, жеке кабинетке өтіп, нұсқаулыққа сәйкес кері қайтарып алу қажет.

Тіркеу куәліктерін жеке кабинет арқылы кері қайтарып алған жағдайда, құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) ұсынылмайды

Бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын ЖК, ШҚ және ФҚ үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) ұсынатын құжаттар тізімі:

  • Қазақстан Республикасының бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы немесе фермер қожалығы үшін ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құжаттарды ұсыну өкілеттігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою.