NCALayer

Электрондық цифрлық қолтаңба кілттерімен жұмыс істеу үшін NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.

NCALayer бағдарламасы ҚР ҰКО ЭЦҚ құралдарын веб-қолданбаларда пайдалануға мүмкіндік береді және браузерлерде Java жұмысын қамтамасыз етеді. NCALayer функционалын бөгде әзірлеушілер ұсынған қосымша модульдерді орнату арқылы кеңейтуге болады. Бағдарлама жұмысы үшін дербес компьютерді алдын ала дайындау қажет. Компьютердің конфигурациясы ең төменгі талаптарға сәйкес болуы тиіс.

NCALayer-ді орнату нұсқаулығы: Aшу

Пайдаланушының компьютеріне қойылатын ең аз талаптар:
Браузер: Internet Explorer 10+, Firefox 4+, Opera 10+, Google Chrome 4+, Safari 5+;
Операциялық жүйе : Windows 7 және одан жоғары, Mac OS X 10.11 және одан жоғары, GNU Linux ОЖ-нің gnome графикалық ортасы бар 3 және одан жоғары нұсқалары​.

Назар аударыңыз! Электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеуді қажет ететін веб-сайтта немесе порталда жұмысты бастамас бұрын NCALayer-ді қосу керек. Жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін, қолданбаны автоматты жүктелетін қолданбалар тізіміне қосуға болады.