Қазақстан Республикасының бейрезиденті үшін тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу

«Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) резидент емес – жеке тұлға үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі:

  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құжаттарды ұсыну өкілеттігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою.
  • Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдік, азаматтығы жоқ адам құжаттарды ұсына отырып, олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасын да ұсынады (құжаттарды орыс тілінде ұсыну жағдайларын қоспағанда). Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның құжаттары мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетелдік азаматы болып табылатын Мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.

Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) жүгінбестен, жеке кабинетке өтіп, нұсқаулыққа сәйкес кері қайтарып алу қажет.

Тіркеу куәліктерін жеке кабинет арқылы кері қайтарып алған жағдайда, құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) ұсынылмайды

Резидент емес – заңды тұлға үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) ұсынылатын құжаттардың тізімі:

  • заңды тұлға үшін ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініште көрсетілген тұлғаның мүдделерін білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат. Ұйымның мөрі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құжаттарды ұсыну өкілеттіктерін көрсете отырып, нотариалды куәландырылады және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қойылады.