
- Процестерді оңтайландыру және ЭЦҚ кілттерін алу, сақтау және пайдалану рәсімдерін оңайлату шеңберінде ЭЦҚ-ның екі кілтін беру және пайдаланудың ағымдағы процесінен тек бір кілтті қолдануға көшу жоспарланып отыр, яғни жеке және заңды тұлғаларға «ГОСТ» алгоритміне қол қою үшін бір тіркеу куәлігі/кілт беріледі, ол авторлану үшін де, қол қою үшін де қолданылады.
2. Бүгінгі күні ҚР ҰКО ашық және жабық кілттерін генерациялау ГОСТ Р 34.310-2004 мемлекетаралық криптографиялық стандартына сәйкес «RSA» және «ГОСТ» алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамып келеді, осыған байланысты ҚР ҰКО ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 жаңа криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
3. «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие қызметкер» және «Кадр бөлімінің қызметкері» ЭЦҚ түрлерін алып тастау жоспарлануда.
Жоғарыда көрсетілген бизнес-процестерді оңтайландыру және ҚР ҰКО ақпараттық жүйесін жаңарту 2022 жылдың 2 тоқсанының соңына жоспарланып отыр.
Жаңарту бойынша ақпараттандыру үшін форум бөлімі құрылып (https://forum.pki.gov.kz/t/planiruemye-izmeneniya-v-nucz-rk-na-2022-god/865), онда жоғарыда аталған жаңартулардың күндері мен жүргізу жолдары туралы хабарланады, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерге арналған ақпарат ұсынылады.
Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап шығарылған KAZTOKEN және eToken 5110 негізгі ақпарат тасымалдаушылары ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 қолдайтынын хабарлаймыз. Қосымша ақпаратты аталған тасымалдаушыларды өндірушілерден сұрау қажет.