SSL сертификаты

Жеке тұлға үшін SSL сертификатын алу тәртібі

Жеке тұлғаның SSL сертификатын алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • бірегей нөмірі мен өтініш берушінің қолы бар өтінім берілгеннен кейін қалыптастырылған өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және сенімхатта айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне сенімхат;
  • интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығына төменде көрсетілген растайтын құжаттардың бірінің көшірмесі
    • Қазақстандық желілік ақпарат орталығы берген домендік атауды иелену туралы сертификат;
    • WHOIS үзінді (.KZ домендік атауын іздеу және .ҚАЗ).
Заңды тұлға үшін SSL сертификатын алу тәртібі

SSL сертификатын алу үшін өтінім беру қажет, ал оны заңды тұлғаның бірінші басшысы – домендік атаудың иесі растауы қажет. SSL сертификатын алуға өтінімді Бірінші басшы растағаннан кейін өтінім бір жұмыс күні ішінде қаралады.