ҚР ҰКО сайтынан NCALayer (Mac OS X үшін) жүктеңіз. NCALayer.dmg бейнесін ашыңыз. NCALayer белгішесін «Сіздің бағдарламаларыңыз» папкасына орналастырыңыз.

Көшіру процесі аяқталғаннан кейін NCALayer «Бағдарламалар» папкасында қолжетімді болады.

сондай-ақ Launchpad арқылы да.

NCALayer бағдарламасын іске қосыңыз. Егер іске қосу сәтті өтсе, NCALayer жүйелік сөреде келесі ескертуді көрсетеді.

Негізгі сертификаттарға сенімділікті баптау
Іске қосылғанннан кейін NCALayer жүйелік сақтау орнында қажетті негізгі сертификаттарды автоматты түрде орнатады. Бірақ дұрыс жұмыс істеу үшін негізгі сертификаттардың сенімділігін баптау қажет. Ол үшін «Кілттер бумасы» қосымшасын іске қосыңыз. Қосымшаны «Finder» арқылы табыңыз.

"Қосымшаларға" кіріңіз:

Іздеу белгісін тауып,оны басыңыз:

Keychain немесе Связка ключей деп іздеңіз

Кілттер бумасын (Keychain) ашыңыз

«Кілттер бумасы» алаңындағы қосымшаның терезесінің сол жақ бүйірінде «Кіру», ал жоғарғы жағында «Санаттары» - «Сертификаттар» алаңын таңдаңыз.
Кейбір жағдайларда сертификатта қызыл крест көрсетілмеген, сертификатты екі рет басу арқылы ашып, тексеріңіз!

Екі рет басу арқылы "Ұлттық куәландырушы орталық (RSA) 2022" сертификатын ашыңыз. «Сенім» белгісінің сол жағындағы үшбұрыш белгішесін басыңыз, одан кейін тізім ашылады. «Стандартты X.509 алгоритмі» тармағынан оң жағындағы ашылмалы тізімді басыңыз және «Әрқашан сенім арту» дегенді таңдаңыз.

Сертификат терезесін жабыңыз, содан кейін жүйе парольді енгізу арқылы жасалған әрекеттерді растауды сұрайды. Парольді енгізіп, «Параметрлерді жаңарту» батырмасына басыңыз.

Содан кейін, екі рет басу арқылы "Негізгі куәландырушы орталық (RSA)" сертификатын ашыңыз. «Сенім» белгісінің сол жағындағы үшбұрыш белгішесін басыңыз, одан кейін тізім ашылады. «Стандартты X.509 алгоритмі» тармағынан оң жағындағы ашылмалы тізімді басыңыз және «Әрқашан сенім арту» дегенді таңдаңыз.

Сертификат терезесін жабыңыз, содан кейін жүйе парольді енгізу арқылы жасалған әрекеттерді растауды сұрайды. Парольді енгізіп, «Параметрлерді жаңарту» батырмасына басыңыз.

Егер NCALayer іске қосылмаса, төменгі панельден (Dock) Finder жүйелік қосымшасын табыңыз.

Finder белгішесін екі саусақпен басып (немесе оң жақ батырмамен), «Папкаға өту…» тармағын таңдаңыз.

Келесі жолды енгізіңіз: ~/Library/Application Support/ және Return (Enter) пернесін басыңыз.

Ашылған қалтадан NCALayer бумасын тауып, қоқысқа жылжытыңыз.

NCALayer жұмысын аяқтаңыз: жоғарғы мәзір жолағынан NCALayer белгішесін табыңыз, «Шығу» тармағын таңдаңыз.

Қосымшаны қайта іске қосыңыз.
NCALayer қосымшасы дайын.