Сипаттама

NCALayer бағдарламалық қамтамасыз етуі ҚР ҰКО ЭЦҚ құралдарын веб-қосымшаларында пайдалануға мүмкіндік береді. NCALayer функционалы бөгде әзірлеушілер ұсынатын қосымша модульдердің орнатуымен кеңейтілуі мүмкін.

Ұғымдар мен қысқартулар

ҚР ҰКО «Электрондық үкіметке», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы
ҚР НКО Куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы
ЭЦҚ Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы
Тіркеукуәлігі (Сертификат) Электрондық цифрлық қолтаңбаның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін ҚР ҰКО беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат
Қорғалған жеткізгіш Деректерді шифрлау үшін мамандандырылған контроллерді пайдаланумен ақпаратты тікелей жинақтауышқа жазған кезде орындалатын ақпаратты қауіпсіз сақтау құрылғысы. Ақпаратқа қолжеткізу үшін пайдаланушы жеке парольді көрсетуі тиіс
ОЖ Операциялық жүйе – компьютердің ресурстарын басқаруға және пайдаланушымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру үшін арналған өзара байланысқан бағдарламалар кешені
ДК Дербес компьютер
Веб-қосымша Клиент браузер арқылы сервермен әрекеттесетін клиент-серверлік қосымша,ал серверге веб-сервер жауап береді

Жүйелік талаптар

Жүйелік талаптар Java 8-ге арналған орындау ортасына негізделген. Толық сипаттамаларды мына сілтемелерден қараңыз:

Windows ОЖ, Linux және Mac OS X үшін Java бағдарламасын орнату талап етілмейді, себебі орындау ортасы NCALayer бағдарламасымен қамтамасыз етіледі.

Windows

  • Windows 7 және одан жоғары
  • Дискідегі бос орын: кемінде 200 МБ кем емес

Mac OS X

  • Mac OS X 10.11 және одан жоғары
  • Дискідегі бос орын: 200 Мб кем емес

Linux

  • 3 және одан жоғары нұсқадағы Gnome графикалық ортасы бар GNU Linux ОЖ-нің кез келген нұсқасына қолдау көрсетіледі
  • Дискідегі бос орын: 200 Мб кем емес

Браузерлер

  • Chromium (Chrome, Opera, Yandex, Vivaldi және т.б.) негізделген WebSocket хаттама қолдауымен барлық танымал браузерлер - Firefox, Safari, IE 11.