NCALayer-мен қосылуын тексеру

NCALayer-ді іске қосыңыз. Браузерде https://127.0.0.1:13579 сілтемесі бойынша өтіңіз. Егер қорғалған қосылу орнатылған болса, ешқандай ескертусіз бос бет (Not Found) ашылады. Сенім тізбегіндегі сертификаттардың иерархиясының дұрыс орнатылғанын да тексеріңіз. Төменде басқа танымал браузерлер үшін әрекеттер сипатталған, басқа браузерлерде әрекеттері ұқсас болады.

Сертификаттар иерархиясы

Барлық браузерлерде сенім тізбегі келесідей құрылуы керек:

НЕГІЗГІ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ (RSA)
ҰЛТТЫҚ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ (RSA)
127.0.0.1

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда ҚР ҰКО шығарған SSL-сертификаттарын ерекшеліктерге қоспаңыз. Егер негізгісертификаттар дұрыс орнатылса, онда мұндай ерекшеліктер болмауы керек. Мұндай SSL сертификаттар браузердің сақтау орнынан жойылуы керек.

Mozilla Firefox

Адрестік алаңында жасыл құлыптау белгішесін басыңыз. Қалқымалы панельде «>» батырмасын басыңыз («Қосылуы туралы ақпаратын көрсету»).

Green lock

«Толығырақ» батырмасын басыңыз.

Details

Содан кейін «Сертификатты қарау» тармағын таңдап, «Толығырақ» қойындысына өтіңіз. «Сертификаттар иерархиясы» сенімтізбегі жоғарғы иерархияға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Show certificate

Google Chrome

Мекенжай алаңында жасыл құлыптау белгішесін басыңыз. Қалқымалы панельде «Сертификат» тармағын таңдаңыз.

Green lock

Пайда болған терезеде «Толығырақ» қойындысына өтіңіз. «Сертификаттар иерархиясы» сенім тізбегі жоғарғы иерархияға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Show certificate

Apple Safari

Мекенжай алаңында жасыл құлыптау белгішесін басыңыз. Қалқымалы панельде «Сертификатты көрсету» тармағын таңдаңыз.

Gray lock

Содан кейін сенім тізбегі жоғарғы иерархияға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Show certificate