ҚР ҰКО сайтынан NCALayer Windows үшін бағдарламасын жүктеңіз. NCALayerInstall.exe файлын іске қосыңыз. Орнатқыштың нұсқаулықтарына сүйене отырып, NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.

Окно установки

Бағдарламаның сәтті орнатылған жағдайында ЭЦҚ бойынша қысқаша ақпараты берілген браузер автоматты түрде ашылады, егер сіз Firefox браузерін қолданған болсаңыз, айтылған ақпаратпен бірге негізгі сертификаттарды орнатуға арналған қадамдар көрсетіледі.

Страница с информацией

NCALayer іске қосылған кезінде «Сенімді негізгі сертификаттау орталықтары» жүйелік сақтау орнында НКО және ҰКО сертификаттарының болуын тексереді. Егер орнатылмаған болса, пайдаланушыдан оларды орнатуға рұқсаты сұралады.

Негізгі сертификаттырды орнату

НКО үшін (НЕГІЗГІ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ)

Запрос КУЦ

ҰКО үшін (ҰЛТТЫҚ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ)

Запрос НУЦ

Екі сұрау салуына да «Иә» нұсқауын басу арқылы рұқсат беруіңіз керек.

NCALayer-дың сәтті іске қосылуы туралы жүйелік сөреде келесі ескерту арқылы хабарланады.

Уведомление о запуске