Тіркеу куәліктерін алу кезінде проблемалары туындаған жағдайда, техникалық қолдау көрсету бөліміне 1414 немесе support@pki.gov.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.

Вирусқа қарсы

Кейбір жағдайларда, қауіпсіз қосылымдарды қарап шығу мақсатында вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылым веб-ресурстар үшін SSL сертификаттарын алмастыруы мүмкін. Егер негізгі сертификаттар дұрыс орнатылмаған немесе дұрыс құрылмаған болса, онда NCALayer қызметіне қосылудың проблемалары орын алуы мүмкін. Төменде Касперский Вирусқа қарсы үшін мұндай сканерлеуді өшірудің мысалы келтірілген.

Kaspersky өнімінің түріне және нұсқасына байланысты қадамдар сәл өзгеше болуы мүмкін.

  • Вирусқа қарсы «Параметрлеріне» өтіңіз.
  • Бүйір тақтадағы «Қосымша» тармағын таңдап, «Желі» тармағын басыңыз.
  • «Қауіпсіз қосылыстарды тексеру» бөлімінде «Қауіпсіз қосылымдарды тексермеу» опциясын таңдаңыз.

Windows XP

Windows XP жүйесінде NCALayer дұрыс жұмыс істеуі үшін 1.8.0_144-тен аспайтын Java орындалу ортасы қажет.Бұл қажеттілік Windows XP ескірген және бағдарламалық қамтылым өндірушілердің ресми түрде қолдауына ие болмауынан туындайды. Ескірген бағдарламалық қамтылымды пайдалану ұсынылмайды.

  • jre-8u144-windows-i586.tar.gz архивін ресми Java SE 8 Archive Downloads бетінен жүктеп алыңыз..
  • Үй папкасында jre папкасын жойыңыз. Бұл папкаға архивті ашыңыз. Ашылған jre1.8.0_144 папкасын jre деп атаңыз.
  • NCALayer іске қосыңыз.

Linux және Mac OS X жүйелерінде іске қосу кезіндегі пайда болатын қате

Қосымшаның ескі нұсқасы жаңасымен ауыстырылған болса, бірақ іске қосу кезінде келесі қатесі пайда болады

NCALayer іске қосу мүмкін болмады.
Required core bundles not found!

, бұл қате жаңартылудың нәтижесі болуы мүмкін. Мәселені шешу үшін NCALayer үй папкасына өтіңіз. Содан кейін ncalayer-cache папкасын және ncalayer.der файлын жойыңыз. Сонымен барлық бөгде модулдері жойылуы мүмкін. NCALayer-ді іске қосыңыз.

MacOS Catalina 10.15 іске қосу проблемасы

Apple қосымшаларын міндетті түрде нотариалдық процедураның енгізілуіне байланысты, macOS Catalina тіркелген әзірлеуші қол қойған болса да, тексерілмеген қосымшаны іске қосуға мүмкіндік бермейді. Бұл қосымшаны іске қосуға мүмкіндік бермейді.

macOS Catalina unnotarized application

Қазіргі уақытта NCALayer-ді іске қосуға нақты рұқсат ретінде проблеманы уақытша шешу ұсынылған.

NCALayer ашу мүмкін еместігі туралы хабарлама терезесін алғаннан кейін "Жүйелік параметрлер" ашыңыз. Одан әрі "Қорғау және қауіпсіздік" белгішесіне басыңыз.

"App Store және расталған әзірлеушілерден жүктелген қолданбаларды пайдалануға рұқсат беру" блогында келесі мазмұндағы хабарлама көрсетілуі тиіс:

"NCALayer" қосымшасы бұғатталған, өйткені оның авторы әзірлеуші орнатылмаған."

Run unnotarized