ҚР ҰКО сайтынан NCALayer (Windows үшін) бағдарламасын жүктеңіз. NCALayerInstall.exe файлын іске қосыңыз. Орнатқыштың нұсқаулықтарына сүйене отырып, NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.

NCALayer іске қосылған кезінде «Сенімді негізгі сертификаттау орталықтары» жүйелік сақтау орнында НКО және ҰКО сертификаттарының болуын тексереді. Егер орнатылмаған болса, пайдаланушыдан оларды орнатуға рұқсаты сұралады.
Негізгі сертификаттырды орнату
НКО үшін (НЕГІЗГІ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ)

ҰКО үшін (ҰЛТТЫҚ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ)

Екі сұрау салуына да «Иә» нұсқауын басу арқылы рұқсат беруіңіз керек.
NCALayer-дың сәтті іске қосылуы туралы жүйелік сөреде келесі ескерту арқылы хабарланады.
