Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығын аккредиттеу

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссиясының шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы 20.10.2021 жылғы акт негізінде куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларына сәйкес аккредиттелген деп танылды.

ҚР ҰКО аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні – 2021 жылғы 26 қазан. ҚР ҰКО аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 3 жылды құрайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2021 жылғы 24 қазан сағат 02:00-ден 09:00-ге дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің жауап беруін күту уақыты артуы мүмкін.