
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) 2008 жылғы 29 қазанда құрылды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қантардағы Цифрлық кодексінің 52-бабының 5 тармағына сәйкес ҚР ҰКО функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
ҚР ҰКО құрудың негізгі мақсаты Электрондық үкімет сервистерін, түрлі бизнес-құрылымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану кезінде, сондай-ақ электрондық почта хабарламаларын қорғау үшін Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары үшін сенімді аутентификация және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын ұсыну болып табылады.
ҚР ҰКО келесі үлгілер бойынша сертификаттарды шығаруды жүзеге асырады:
- «Жеке тұлға»;
- «Заңды тұлға – Бірінші басшы»;
- «Заңды тұлға – қол қою құқығы бар қызметкер» — сертификаттың осы үлгісі құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларға ғана (Басқарма төрағасының орынбасарлары, Басқарушы директорлар, Аппарат басшысы және т.б.) арналған.);
- «Заңды тұлға – ұйымның қызметкері» – ұйымның қалған қызметкерлеріне арналған;
- Қазынашылық-Клиент ақпараттық жүйесінің қатысушысы (қол қою және сәйкестендіру үшін);
- жеке тұлғаның SSL (Secure Sockets Layer) – клиенттің домендік аты бойынша серверді сәйкестендіру және қорғалған қосылуды ұйымдастыру үшін;
- заңды тұлға үшін SSL (Secure Sockets Layer) – клиенттің домендік аты бойынша серверді сәйкестендіру және қорғалған қосылуды ұйымдастыру үшін.
Бұл үлгілер ақпараттық жүйелерге жеке қауіпсіздік саясатын жасауға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйеде ҚР ҰКО сертификаттарының үлгілерін қолдану саясаты ақпараттық жүйе иесінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы
Байланыс орталығы: +7 (7172) 701 999
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимараты, «EXPO» Бизнес орталығы»
Пайдаланушыларды техникалық қолдау байланыстары: 1414, 8-800-080-7777
Пайдаланушыларды техникалық қолдау электрондық поштасы: support@goscorp.kz