Құрметті ақпараттық жүйелердің иелері мен әзірлеушілері!
16/02/2022
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы МЕМСТ 34.10-2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартқа жоспарланған көшу шеңберінде ҚР ҰКО-мен интеграцияланған ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер тарапынан тестілеу үшін Kalkancrypt COM 32-бит алдын ала нұсқасының жарияланғаны туралы хабарлайды.
Сондай-ақ, ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін шығару бойынша «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер» және «Кадрлар бөлімінің қызметкері» талап етілмеген шаблондардан бас тарту шеңберінде заңды тұлғалар үшін әзірлеуші жиынтығынан көрсетілген шаблондар бойынша тест кілттері алынып тасталды.