Хабарландыру

Құрметті пайдаланушылар!

Базалық CRL және Delta CRL жүктеу санының артуына байланысты Интернет тарапынан IP мекенжайлары үшін мәжбүрлі шектеу орнатылғанын хабарлаймыз.  Жүктеу лимиттерінен асып кетсе, IP мекенжайлары 1 минутқа бұғатталады.

Құрметті ақпараттық жүйелердің иелері, негізгі CRL-ді күніне 1 рет, ал Delta CRL-ді сағатына бір реттен артық жүктемеу керек. Егер сіздің АЖ қызметі тіркеу куәліктерін (ЭЦҚ) жиі тексеруді қажет етсе, OCSP сервисін пайдалануды ұсынамыз.

NCALayer

NCALayer-ге арналған SSL сертификаттың жарамдылық мерзімінің өтуіне  байланысты қосымшаны жаңарту жүргізілді.

ҚР ҰКО ЭЦҚ кілттері арқылы аутентификация және қол қою кезінде қателер туындаған жағдайда ҚР ҰКО сайтынан NCALayer-дің жаңартылған нұсқасын мына сілтеме бойынша жүктеп алу қажет: https://ncl.pki.gov.kz/