Техникалық жұмыстар
26/04/2024
Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшуіне байланысты 2024 жылғы 27 сәуір сағат 21:00-ден 2024 жылғы 28 сәуір сағат 08:00-ге дейін ҚР ҰКО сервистері қолжетімсіз болады.
2024 жылғы 28 сәуірден бастап ҚР ҰКО-да бір ғана тіркеу куәлігі шығарылатынын қосымша хабарлаймыз, яғни жеке және заңды тұлғаларға ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 (бұдан әрі – ГОСТ 2015) алгоритмінде бір кілт беріледі, ол қол қою және аутентификациялау үшін пайдаланылатын болады.