Маңызды!

Электрондық цифрлық қолтаңбаны (одан әрі – ЭЦҚ) алу және пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру

ЭЦҚ алу:

ЭЦҚ тек қана онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайты pki.gov.kz және eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы кез келген ыңғайлы уақытта алуға болады.

Онлайн-сәйкестендіруден өту мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, биометриялық тексеру сәтсіз болған жағдайда) халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жеке өзі жүгіну қажет.

ЭЦҚ пайдалану:

Жеке кәсіпкерлер (әрі қарай – ЖК) құжаттарға қол қою үшін өздерінің ЭЦҚ-сын пайдалануға міндетті.

Ақпараттық жүйеде өкілеттіктерді беру функционалы іске асырылған жағдайларда, ЖК атынан өзінің ЭЦҚ пайдаланатын бухгалтер құжаттарға қол қоя алады.

Аталған шаралар ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге және ЭЦҚ-ны рұқсатсыз пайдалануға байланысты алаяқтық әрекеттер тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Маңызды: тек ресми ақпарат көздерін пайдаланыңыз және ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеңіз.