Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҚР ҰКО) ҚР ҰКО әзірлеуші жинағын (SDK) алуға өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық мекенжайлар базасын өзектендіру мақсатында ұзақ уақыт бойы белсенді емес болып қалатын пошта жәшіктерін жоюды жоспарлап отыр.

Көрсетілген байланыс деректерінің өзектілігін тексеруді және қажет болған жағдайда оларды жаңартуды сұраймыз (https://sdk.pki.gov.kz/auth). Бұл шара техникалық қолдаудың тиімділігін арттыруға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Құрметті куәландырушы орталықтар мен ақпараттық жүйелердің иелері!

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы 27.07.2025 жылы ҚР СТ ГОСТ Р 2004 (root_gost.cer 27.07.2015 – 27.07.2025) және RSA (root_rsa.cer 27.07.2015 – 27.07.2025) алгоритмдерінде Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерінің қолданылу мерзімі аяқталатынын хабарлайды.

Осыған байланысты негізгі тіркеу куәліктерін жаңартылған куәліктерге ауыстыру қажет: https://root.gov.kz/cert/root_gost_2020.cer және https://root.gov.kz/cert/root_rsa_2020.cer.