Құрметті пайдаланушылар!
25/08/2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы NCALayer бағдарламасында SSL сертификатын ауыстыру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды.
Осыған байланысты бағдарламалық қамтаманың дұрыс жұмыс істеуі үшін NCALayer бағдарламасын 2025 жылғы 26 тамызға дейін қайта іске қосуды сұраймыз.
Егер сіздің интернетке қолжетімділігіңіз болмаса немесе сіздің компьютеріңізден crl.pki.gov.kz ресурсына автоматты жаңарту үшін қосылу мүмкін болмаса, NCALayer бағдарламасының жаңартылған нұсқасын https://ncl.pki.gov.kz/kz/ ресми сайтынан жүктеп алып, қолмен орнатуды ұсынамыз.
Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!