Құрметті пайдаланушылар!

ЭЦҚ шығару сервистеріне жүктеменің артуына байланысты did.gov.kz.сервисінің баяу жұмысы байқалады,

Бүгін сервистің жұмыс жылдамдығы қалпына келтіріледі.

Түсінгеніңіз үшін рақмет.

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы сынақтық сертификаттарды жаңартып, әзірлеушілерге арналған SDK жинағына қосты. SDK-ны алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://sdk.pki.gov.kz/

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы сайтында macOS жүйесіне арналған NCALayer орнату нұсқаулығы жаңартылды: https://pki.gov.kz/docs/nl_kaz/macosx/

Құрметті пайдаланушылар!

NCALayer мен жұмыс істеу кезінде қателер туындаған жағдайда оны сайттан қайта орнатуды ұсынамыз pki.gov.kz

Құрметті пайдаланушылар!

Егер сіз электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін шығару туралы хабарлама алсаңыз, бірақ оларды өзіңіз шығармаған болсаңыз, келесі әрекеттерді жасауға кеңес береміз:

  • eGov Mobile – да тіркелгеніңізді тексеріңіз. Қосымшада тіркелу кезінде ЭЦҚ кілттері шығарылады және хабарлама осыған байланысты болуы мүмкін;
  • ҚР ҰКО жеке кабинетіне кіріңіз (pki.gov.kz) және барлық қолданыстағы ЭЦҚ кілттерін, олар қашан және қандай тәсілмен шығарылғанын тексеріңіз. Қажет болса, Сіз бұл ақпаратты есеп ретінде жүктей аласыз;
  • ЭЦҚ кілттерін басқа тұлғаларға бермегеніңізге көз жеткізіңіз. ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға берген жағдайда, ЭЦҚ жаңа кілтін шығарып, оларды ҚР ҰКО жеке кабинеті арқылы қайтарып алыңыз.
  • Назар аударыңыз! Жаңа ЭЦҚ кілттерін шығарған кезде ескілері қолданыста қалады, сондықтан оларды қолмен қайтарып алу қажет.

ЭЦҚ кілттерін бұзуға негізделген күдік туындаған жағдайда, ЦДИАӨМ АҚК-не хабарласыңыз.