Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы NCALayer бағдарламасында SSL сертификатын ауыстыру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды.

Осыған байланысты бағдарламалық қамтаманың дұрыс жұмыс істеуі үшін NCALayer бағдарламасын 2025 жылғы 26 тамызға дейін қайта іске қосуды сұраймыз.

Егер сіздің интернетке қолжетімділігіңіз болмаса немесе сіздің компьютеріңізден crl.pki.gov.kz ресурсына автоматты жаңарту үшін қосылу мүмкін болмаса, NCALayer бағдарламасының жаңартылған нұсқасын  https://ncl.pki.gov.kz/kz/ ресми сайтынан жүктеп алып, қолмен орнатуды ұсынамыз.

Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!

Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҚР ҰКО) ҚР ҰКО әзірлеуші жинағын (SDK) алуға өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық мекенжайлар базасын өзектендіру мақсатында ұзақ уақыт бойы белсенді емес болып қалатын пошта жәшіктерін жоюды жоспарлап отыр.

Көрсетілген байланыс деректерінің өзектілігін тексеруді және қажет болған жағдайда оларды жаңартуды сұраймыз (https://sdk.pki.gov.kz/auth). Бұл шара техникалық қолдаудың тиімділігін арттыруға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Маңызды!

Электрондық цифрлық қолтаңбаны (одан әрі – ЭЦҚ) алу және пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру

ЭЦҚ алу:

ЭЦҚ тек қана онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайты pki.gov.kz және eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы кез келген ыңғайлы уақытта алуға болады.

Онлайн-сәйкестендіруден өту мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, биометриялық тексеру сәтсіз болған жағдайда) халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жеке өзі жүгіну қажет.

ЭЦҚ пайдалану:

Жеке кәсіпкерлер (әрі қарай – ЖК) құжаттарға қол қою үшін өздерінің ЭЦҚ-сын пайдалануға міндетті.

Ақпараттық жүйеде өкілеттіктерді беру функционалы іске асырылған жағдайларда, ЖК атынан өзінің ЭЦҚ пайдаланатын бухгалтер құжаттарға қол қоя алады.

Аталған шаралар ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге және ЭЦҚ-ны рұқсатсыз пайдалануға байланысты алаяқтық әрекеттер тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Маңызды: тек ресми ақпарат көздерін пайдаланыңыз және ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеңіз.

Техникалық жұмыстар

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең аз белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);

e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;

«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;

Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.

Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Хабарландыру!

Құрметті пайдаланушылар!

Интернет желісінде OCSP және TSP қызметтерінің қолжетімділігіне қатысты проблемалар бар екенін назарларыңызға жеткіземіз.

Кері қайтарып алуға тіркеу куәліктерін тексеру үшін http://crl1.pki.gov.kz сілтемесін пайдалануға болады.