Заңды тұлғалар

Заңды тұлғаның бірінші басшысы үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі

Заңды тұлғаның бірінші басшысы үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • ҚР ҰКО тіркеу куәлігін беруге өтініште көрсетілген тұлғаның мүдделерін білдірген кезде – бірінші басшының өкіліне белгіленген үлгідегі сенімхат. Ұйымның мөрі болмаған жағдайда, бірінші басшының өкіліне сенімхат ҚР ҰКО тіркеу куәлігін беруге құжаттарды ұсыну өкілеттіктерін көрсете отырып, нотариалды куәландырылады және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қойылады;
  • Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бірінші басшысы үшін ҚР ҰКО тіркеу куәлігін беруге құжаттарды ұсыну өкілеттіктерін көрсете отырып, заңды тұлғаның уәкілетті органынан сенімхат ұсынылады және тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қойылады (салыстырып тексеру үшін).

Бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын ЖК, ШҚ және ФҚ үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) ұсынатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • көрсетілетін қызметті алушының өкіліне қызметті бір реттік алуға сенімхат немесе Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін кері қайтару.
Қол қою құқығымен қызметкер үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі

Заңды тұлға қызметкері үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • ҚР ҰКО тіркеу куәлігін беруге өтініште көрсетілген тұлғаның мүдделерін білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәлігін бір жолғы алуға көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат. Ұйымның мөрі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат ҚР ҰКО тіркеу куәлігін беруге құжаттарды ұсыну өкілеттіктерін көрсете отырып, нотариалды куәландырылады және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою.

Бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын ЖК, ШҚ және ФҚ үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) ұсынатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • көрсетілетін қызметті алушының өкіліне қызметті бір реттік алуға сенімхат немесе Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін кері қайтару.
Ұйым жұмыскері үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі

«Қазынашылық-Клиент» АЖ қатысушысы үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі

«Қазынашылық — клиент» АЖ қатысушысы үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі»:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • көрсетілетін қызметті алушының өкіліне қызметті бір реттік алуға сенімхат немесе Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін кері қайтару.

Назар аударыңыз! Тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім берер алдында «Қазынашылық – Клиент» АЖ-мен жұмыс істеу үшін қосымша құжаттамамен танысыңыз.

Занды тұлғаның ақпараттық жүйесі үшін тіркеу куәліктерін алу тәртібі
Заңды тұлғалар үшін ақпараттық жүйеге (АЖ) OID алу тәртібі
  1. Қазақстан Республикасының инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі жөніндегі цифрлық даму министрлігіне тиісті нысан бойынша өтінім-хат жолдау қажет.
  2. АЖ-да объектілік сәйкестендіргіш тағайындалғаннан кейін бірінші басшының жеке кабинетінде АЖ-да тіркеу куәліктерін қашықтықтан алу мүмкіндігі пайда болады.