ЭЦҚ-ны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде алуға болады

Пилоттық жоба аясында ЭЦҚ-ны еліміздің елшіліктері мен консулдықтары арқылы алуға болады.

Пилоттық жобаны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен және ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іске асырды.

Жоғарыда көрсетілген жоба келесі қалаларда орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілділіктерінде жұмыс істейтін болады:

Вашингтон,Нью Йорк,Сан-Франциско (АҚШ);

Франкфрут-на-Майне,Берлин(Германия);

Прага(Чехия);

Абу-Даби(БАӘ);

Мәскеу,Санкт-Петербург,Қазан,Астрахань,Омбы (Ресей);

Бишкек(Қырғызстан);

Сеул(Южная Корея);

Стамбул,Анталия,Анкара (Түркия);

Вена (Аустрия);

Минск, Брест(Белоруссия);

София (Болгария);

Будапешт (Мажарстан);

Мадрид, Барселона (Испания);

Рим (Италия);

Вильнюс (Литва);

Бухарест (Румыния);

Киев (Украина);

Париж (Франция);

Берлин (Германия);

Загреб (Хорватия);

Стокгольм (Швеция);

Баку (Әзербайжан);

Тбилиси (Грузия);

Тегеран (Иран);

Пекин,Шанхай,Сиянь(Қытай);

Куала-Лумпур (Малайзия);

Улан-Батор (Моңғолия);

Исламабад (Пәкістан);

Душанбе (Тәжікстан);

Ташкент (Өзбекстан);

Токио (Жапония);

Амман (Иордания);

Доха (Қатар);

Бразилиа (Бразилия);

Оттава, Торонто (Канада).

Резидент емес жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны «бір терезе»қағидаты бойынша ала алады. Ол үшін шетелдік азаматтың өзімен бірге төлқұжаты, т. а. ә, қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы (құжаттарды орыс тілінде ұсыну жағдайларын қоспағанда) және ЖСН болған жағдайда – ЖСН бар және осы резидент еместің «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы»2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын құжаттардың бірі болуы қажет.

Резидент емес заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны алдын ала Қаржымині МКК сайтында тіркеліп және БСН-ді онлайн алып, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен де ала алады.Қазақстан Республикасы азаматтарының да ЭЦҚ-ны елшіліктер мен консулдықтардан алу мүмкіндігі бар.