Құрметті пайдаланушылар!

ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істегенде ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз:

  • ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз. Кілттеріңізді бөгде адамдардың пайдалануы сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттерге әкелуі мүмкін.
  • Егер кілттердің қауіпсіздігіне күмәндансаңыз немесе заңсыз пайдалануға күдіктенсеңіз, оларды дереу pki.gov.kz сайтындағы НУЦ РК пайдаланушының жеке кабинетінде немесе ХҚКО операторлары арқылы кері шақыртып алыңыз.

Жеке кабинетте барлық кілттеріңізді (әрекеттегі, кері шақырылған және мерзімі өткен) көруге, сондай-ақ оларды кері шақыртуға мүмкіндік бар.

ЭЦҚ-ға кез келген бөгде қолжетімділік – олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

macOS пайдаланушыларына!

NCALayer қосымшасында қате пайда болған жағдайда келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Төменгі панельден (Dock) жүйелік қосымша Finder-ді табыңыз.

 2. Finder белгішесін екі саусақпен басып (немесе оң жақ батырмамен), «Папкаға өту…» тармағын таңдаңыз.

3. Келесі жолды енгізіңіз: /Library/Application Support/ және Return (Enter) пернесін басыңыз.

 4. Ашылған қалтадан NCALayer бумасын тауып, Қоқысқа жылжытыңыз.

 5. NCALayer жұмысын аяқтаңыз:

• жоғарғы мәзір жолағынан NCALayer белгішесін табыңыз,

• «Шығу» тармағын таңдаңыз.

 6. Қосымшаны қайта іске қосыңыз.

Құрметті пайдаланушылар!

2025 жылғы 28 маусымнан бастап жаңа ережелер күшіне енді: ҚР ҰКО ЭЦҚ кілттерін иесінің өзі ғана ала алады-сенімді тұлға арқылы ресімдеуге жол берілмейді.

Негізгі әдіс-қашықтан pki.gov.kz немесе eGov.kz биометриялық сәйкестендіруді қолдану. Биометриядан өту үшін 5 мүмкіндікке дейін қарастырылған. Олар сәтсіз аяқталған жағдайда, сіз ЭЦҚ кілттерін шығару немесе қайта шығару үшін ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгіне аласыз.

Өзіне өзі қызмет көрсету секторларында жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

  • ЭЦҚ кілттерін тасымалдаушыға (флэш-дискке)көшіріңіз;
  • өзіне-өзі қызмет көрсету секторының ортақ компьютерінен ЭЦҚ кілттерін алып тастауды ұмытпаңыз;
  • ЭЦҚ кілттерін қорғау үшін күшті парольді пайдаланыңыз;
  • ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз.

ЭЦҚ кілттері толықтай сіздің бақылауыңызда сақталуы тиіс. Оларға бөгде адамның қол жеткізуі — қауіпсіздіктің бұзылу қаупін тудырады. ЭЦҚ-ны тек мақсаты бойынша пайдалану ғана емес, сонымен қатар олардың нақты қайда сақталатынын және кімнің қол жеткізе алатынын қатаң қадағалау маңызды. ЭЦҚ-ға кез келген бөгде қол жеткізу – олардың қауіпсіздігін бұзу қаупі болып табылады.

Биометриялық сәйкестендіруден өту нұсқаулығы

Биометриялық сәйкестендіруден сәтті өту үшін келесі қадамдарды орындау ұсынылады:

1. Бетіңізге жеткілікті жарық түсу үшін күндізгі уақытта өтіңіз;

2. Камераны көз деңгейінде орналастырыңыз;

3. Егер рәсім компьютер арқылы жүргізілсе, веб-камераны өшіріңіз. Осыдан кейін экранда QR-код пайда болады. Смартфон камерасымен QR-кодты сканерлеп, сәйкестендіруден мобильді құрылғы арқылы өтіңіз.

Егер сәйкестендіру бес рет қатарынан сәтсіз өтсе, жақын маңдағы ХҚКО-ға барып оператор арқылы ЭЦҚ алуға немесе техникалық қолдау қызметіне келесі сілтеме арқылы жүгінуге болады: https://digital-id.freshdesk.com/

Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы NCALayer бағдарламасында SSL сертификатын ауыстыру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды.

Осыған байланысты бағдарламалық қамтаманың дұрыс жұмыс істеуі үшін NCALayer бағдарламасын 2025 жылғы 26 тамызға дейін қайта іске қосуды сұраймыз.

Егер сіздің интернетке қолжетімділігіңіз болмаса немесе сіздің компьютеріңізден crl.pki.gov.kz ресурсына автоматты жаңарту үшін қосылу мүмкін болмаса, NCALayer бағдарламасының жаңартылған нұсқасын  https://ncl.pki.gov.kz/kz/ ресми сайтынан жүктеп алып, қолмен орнатуды ұсынамыз.

Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!