ҚР ҰКО туралы

NCA logo icon

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) 2008 жылғы 29 қазанда құрылды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 13- бабының 12-1 тармағына сәйкес ҚР ҰКО сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

ҚР ҰКО құрудың негізгі мақсаты Электрондық үкімет сервистерін, түрлі бизнес-құрылымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану кезінде, сондай-ақ электрондық почта хабарламаларын қорғау үшін Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары үшін сенімді аутентификация және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын ұсыну болып табылады.

ҚР ҰКО келесі үлгілер бойынша тіркеу куәліктерін шығаруды жүзеге асырады:

  1. «Жеке тұлға»;
  2. «Заңды тұлға – Бірінші басшы»;
  3. «Заңды тұлға – қол қою құқығы бар қызметкер» — сертификаттың осы үлгісі құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларға ғана (Басқарма төрағасының орынбасарлары, Басқарушы директорлар, Аппарат басшысы және т.б.) арналған.);
  4. «Заңды тұлға – қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар қызметкер» Бас бухгалтерге, Қаржы директорына және осы өкілеттіктер берілген тұлғаларға арналған;
  5. «Заңды тұлға – кадр бөлімінің қызметкері» — кадр бөлімінің қызметкерлеріне, жұмыстан босатылған қызметкерлердің тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға арналған;
  6. «Заңды тұлға – ұйымның қызметкері» – ұйымның қалған қызметкерлеріне арналған;
  7. Қазынашылық-Клиент ақпараттық жүйесінің қатысушысы (қол қою және сәйкестендіру үшін);
  8. жеке тұлғаның SSL (Secure Sockets Layer) – клиенттің домендік аты бойынша серверді сәйкестендіру және қорғалған қосылуды ұйымдастыру үшін;
  9. заңды тұлға үшін SSL (Secure Sockets Layer) – клиенттің домендік аты бойынша серверді сәйкестендіру және қорғалған қосылуды ұйымдастыру үшін.

Бұл үлгілер ақпараттық жүйелерге жеке қауіпсіздік саясатын жасауға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйеде ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің үлгілерін қолдану саясаты ақпараттық жүйе иесінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы
Байланыс орталығы: +7 (7172) 701 999 

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимараты, «EXPO» Бизнес орталығы»

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін
Пайдаланушыларды техникалық қолдау байланыстары: 1414, 8-800-080-7777
Пайдаланушыларды техникалық қолдау электрондық поштасы: support@goscorp.kz