Жеке тұлғалар үшін тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) жеке тұлға үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құжаттарды ұсыну өкілеттігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою.

Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) жүгінбестен, жеке кабинетке өтіп, нұсқаулыққа сәйкес кері қайтарып алу қажет.

 

Тіркеу куәліктерін жеке кабинет арқылы кері қайтарып алған жағдайда, құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) ұсынылмайды.