- Басты бет
- /
- SSL техникалық сертификаты қашықтан
SSL техникалық сертификаты қашықтан
Жеке тұлға үшін SSL сертификатын алу үшін сізге:
- көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжат);
- SMS алу мүмкіндігі бар телефонның болуы;
- сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера (немесе камерасы бар ұялы телефон) болуы керек;
- ЭЦҚ-ны одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет.
Заңды тұлға үшін SSL сертификатын алу тәртібі
Өтінім берілгеннен және оны заңды тұлғаның бірінші басшысы растағаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушыға домендік атаудың тиесілігін;
- домендік атауды толтырудың дұрыстығын;
- домендік атауды .KZ және .ҚАЗ аймақтарында тіркелуін тексереді.
Өтінімді сәтті тексерген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімді растайды. Өтінім көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

- көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын;
- домендік атаудың жарамдылық мерзімін;