ЭЦҚ кілтін ХҚКО арқылы алу

Жеке тұлға үшін сертификаттарды алу тәртібі

Жеке тұлға үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынатын құжаттар тізімі:

  • бірегей нөмірі мен өтініш берушінің қолы бар өтінім берілгеннен кейін қалыптастырылған өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
Жеке тұлғаның жеке куәлігі арқылы сертификаттарды алу тәртібі

Жеке тұлға үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынатын құжаттар тізімі:

  • бірегей нөмірі мен өтініш берушінің қолы бар өтінім берілгеннен кейін қалыптастырылған өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы үшін сертификаттарды алу тәртібі

Заңды тұлғаның бірінші басшысы үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
Қол қою құқығымен қызметкер үшін сертификаттарды алу тәртібі

Заңды тұлға қызметкері үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының  жеке басын куәландыратын құжат.
Мекеме қызметкері үшін сертификаттарды алу тәртібі

Заңды тұлға қызметкері үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
«Қазынашылық-Клиент» АЖ қатысушысы үшін сертификаттарды алу тәртібі

«Қазынашылық — клиент» АЖ қатысушысы үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі»:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.

Назар аударыңыз! Сертификаттарды шығаруға өтінім берер алдында «Қазынашылық – Клиент» АЖ-мен жұмыс істеу үшін қосымша құжаттамамен танысыңыз.

Жеке тұлға үшін SSL сертификатын алу тәртібі

Жеке тұлғаның SSL сертификатын алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • бірегей нөмірі мен өтініш берушінің қолы бар өтінім берілгеннен кейін қалыптастырылған өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.

Өтінім берілгеннен және құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет МК» (ХҚКО) ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушыға домендік атаудың тиесілігін;
  • домендік атауды толтырудың дұрыстығын;
  • домендік атауды .KZ және .ҚАЗ аймақтарында тіркелуін тексереді.

Өтінімді сәтті тексерген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімді растайды. Өтінім көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.