Жаңалықтар

Жаңалықтар

Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы pki.gov.kz сайтының жеке кабинетінде электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңін енгізді.

ЭЦҚ кілттерін қайта шығару барысында қосымша тексеру келесі екі тәсілдің бірі арқылы жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне жіберілетін бір реттік кодты енгізу арқылы SMS-растау;
  • eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттан алынған кодты енгізу.

Аталған тетік Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі болмауына байланысты, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қолданылмайтынын атап өткен жөн.

Қабылданған шара қауіпсіздік деңгейін арттыруға, пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін заңсыз пайдаланудан қорғауға, сондай-ақ кілттерді қайта шығару процесін анағұрлым сенімді етуге бағытталған.

Техникалық жұмыстар

Құрметті пайдаланушылар!

2025 жылғы 20 желтоқсан сағат 21:00-ден 2025 жылғы 21 желтоқсан сағат 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта ҚР ҰКО сервистері қолжетімсіз болады

Құрметті пайдаланушылар!

ЭЦҚ шығару сервистеріне жүктеменің артуына байланысты did.gov.kz.сервисінің баяу жұмысы байқалады,

Бүгін сервистің жұмыс жылдамдығы қалпына келтіріледі.

Түсінгеніңіз үшін рақмет.

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы сынақтық сертификаттарды жаңартып, әзірлеушілерге арналған SDK жинағына қосты. SDK-ны алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://sdk.pki.gov.kz/

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы сайтында macOS жүйесіне арналған NCALayer орнату нұсқаулығы жаңартылды: https://pki.gov.kz/docs/nl_kaz/macosx/