Құрметті пайдаланушылар!
23/06/2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде пайдаланушыларды авторизациялау кезінде екі факторлы аутентификация енгізілді.
Енді жеке кабинетке кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны және кілт құпиясөзін пайдаланумен қатар келесі тәсілдердің бірі арқылы қосымша растаудан өту қажет:
Қазақстан Республикасының Мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберілетін бір реттік кодты енгізу арқылы;
eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Жеке куәлік» цифрлық құжатынан алынған кодты енгізу арқылы.
Аталған механизм Қазақстан Республикасының Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірінің болмауына байланысты Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қолданылмайтынын атап өткен жөн.
Қосымша тексеру кезеңі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және пайдаланушылардың есептік жазбаларын рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауға бағытталған.