Жаңалықтар

Жаңалықтар

‼️ Құрметті пайдаланушылар!

«Кар-Тел» байланыс операторының интернет-арнасындағы ақауға байланысты ҚР ҰКО сервистерінің жұмысы баяулады.

Сервистердің жұмысы сағат 11:33-те қалпына келтірілді.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Техникалық жұмыстар

Құрметті пайдаланушылар!

2026 жылғы 26 қыркүйек сағат 21:00-ден 2026 жылғы 27 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта ҚР ҰКО қызметтері қысқа мерзімге қолжетімсіз болуы мүмкін.

ЭЦҚ ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау және кері қайтарып алудың жаңа қағидалары 2026 жылғы 11 қыркүйекте күшіне енеді

2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 28 тамыздағы № 522/НҚ бұйрығымен бекітілген электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және ашық кілттің электрондық цифрлық қолтаңбаға тиесілігін және жарамдылығын куәландырушы орталықтың растау қағидалары күшіне енеді.

Қағидалар Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес әзірленді және ЭЦҚ ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау және кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ олардың тиесілігі мен жарамдылығын тексеруді айқындайды.

Қағидалардың толық мәтінімен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады:

🔗 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600039747

📌 ҚР ҰКО жеке кабинетінде қызметкерлерге өкілеттік беру

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) заңды тұлғаларға қызметкерлерге электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) сертификаттарын алуға және кері қайтарып алуға арналған өтінімдермен жұмыс істеу бойынша өкілеттік беру мүмкіндігі бар екенін еске салады.

Заңды тұлғаның бірінші басшысы ҚР ҰКО жеке кабинетінде ұйым қызметкерлерінің ЭЦҚ сертификаттарын алуға арналған өтінімдерін растау және қабылдамау, сондай-ақ олардың күшін жою бойынша өкілеттіктерді қызметкерге бере алады.

Ол үшін қызметкер «Қол қою құқығы бар қызметкер» үлгісі бойынша ЭЦҚ сертификаттарын алуы қажет, содан кейін бірінші басшы оған ҚР ҰКО жеке кабинетінде тиісті өкілеттіктерді береді.

Өкілеттік берілгеннен кейін қызметкер көрсетілген әрекеттерді өзінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, өз бетінше орындайды.

📱 Мұндай қызметкер ҚР ҰКО жеке кабинетінде авторизациядан өткен кезде қосымша тексеру де тікелей оның өзіне қатысты жүргізіледі: SMS-код Базадағы мобильді азаматтар (БМГ) нөміріне тіркелген қызметкердің телефон нөміріне жіберіледі. Балама ретінде eGov mobile немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қалыптастырылатын цифрлық құжаттың тексеру кодын пайдалануға болады.

Осылайша, қызметкерлердің өтінімдерін растау және сертификаттардың күшін жою үшін бірінші басшының атынан авторизациядан өту және оның телефон нөміріне жіберілетін SMS-кодты алу талап етілмейді.

⚠️ Маңызды!

ҚР ҰКО ЭЦҚ кілттері мен оларға арналған парольдерді басқа тұлғаларға беруге тыйым салынатынына назар аударады. Әрбір пайдаланушы ҚР ҰКО жеке кабинетінде авторизациядан өтуді және әрекеттерді өзінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып орындауы тиіс.

Өкілеттіктерді беруге арналған функционалды пайдалану бірінші басшының ЭЦҚ кілттерін бермей-ақ, қызметкерге қажетті өкілеттіктерді беруге мүмкіндік береді.

📖 Қызметкерлерге өкілеттіктерді беру бойынша толық нұсқаулықпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз:

Құқықтарды беру бойынша нұсқаулық.

🛠️NCALayer-дегі жаңартулар🛠️

• Менюде кілттер қоймасының шолғышы қосылды.

• CAdES, XAdES және PAdES форматтарында, B, T, LT және LTA деңгейлерінде электрондық қолтаңба қою және тексеру мүмкіндігі қосылды. PAdES үшін құжатқа көрінетін қолтаңба қоюға болады, оның ішінде логотиппен бірге.

• Экранды оқу құралдарын (скринридерлерді) қолдау жетілдірілді.

• Техникалық бет қосылды: https://localhost:13579. Бұл бетте қызметтік функциялар қолжетімді.