NCALayer
29/09/2022
Қол қою кезінде қиындықтар туындаған жағдайда ҚР ҰКО сайтынан NCALayer жаңартылған нұсқасын жүктеу арқылы NCALayer бағдарламасын қайта орнату қажет. (https://pki.gov.kz/ncalayer/)
Қол қою кезінде қиындықтар туындаған жағдайда ҚР ҰКО сайтынан NCALayer жаңартылған нұсқасын жүктеу арқылы NCALayer бағдарламасын қайта орнату қажет. (https://pki.gov.kz/ncalayer/)
ЖТ МДҚ жұмысының іркілуіне байланысты ҚР ҰКО сервистерінің қолжетімсіздігі тіркелді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы ағымдағы жылдың 1 қазанына жоспарланған ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 Жаңа қол қою алгоритміне көшуіне байланысты 15.06.2022 ж. негізгі жұпты генерациялау және ҚР Негізгі куәландырушы орталығында ҚР ҰКО тіркеу куәлігін қайта бағындыру бойынша іс-шаралар жүргізілгенін хабарлайды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшу және RSA алгоритмінде аутентификация кілтінен бас тарту бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында (бұдан әрі – ҚР ҰКО) жоспарланған өзгерістерді іске асыру мерзімдерін өзгерістер туралы алдын ала хабарламаларға қарамастан, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері 2022 жылғы 27 маусымға дейін өз АЖ-да тиісті пысықтаулар жүргізуге үлгермеуіне байланысты 2022 жылғы 1 қазанға дейін ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, аталған өзгерістер шеңберінде ҚР ҰКО ақпараттық жүйесін жаңарту 2022 жылғы 1 қазанға дейін ауыстырылады.
ҚР ҰҚО MacOSX үшін NCALayer жаңартылған нұсқасын орналастыру туралы хабарлайды, онда қосымшаның алдыңғы нұсқасын орнату және пайдалану кезіндегі проблемалар жойылды.
MacOS үшін NCALayer жаңа нұсқасын пайдалану кезінде қателер пайда болған жағдайда, сұранысты info@pki.gov.kz эл. поштасына мәселенің егжей-тегжейлі сипаттамасымен және қателердің скриншоттарымен жолдауыңызды сұраймыз.