Жаңалықтар

Жаңалықтар

Egov mobile арқылы QR қол қою

Құрметті Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың ақпараттық жүйелерінің иелері, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы EGOV Mobile мобильдік қосымшасы арқылы QR қол қоюды енгізу мүмкіндігі бар екенін хабарлайды.

Толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://sb.egov.kz/smart-bridge/services/passport/NITEC-S-5096

ҚР ҰКО ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартқа көшу мерзімі

ҚР ҰКО ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартқа көшу мерзімінің 2022 жылдың соңына дейін ауыстырылғаны туралы хабарлайды, себебі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың ақпараттық жүйелерінің бір бөлігі ҚР ҰКО жоспарланып отырған өзгерістер туралы алдын ала хабарлауға қарамастан, 2022 жылдың 1 қазанына дейін өздерінің АЖ-да тиісті пысықтаулар жүргізуге үлгермейді.

NCALayer

Қол қою кезінде қиындықтар туындаған жағдайда ҚР ҰКО сайтынан NCALayer жаңартылған нұсқасын жүктеу арқылы NCALayer бағдарламасын қайта орнату қажет. (https://pki.gov.kz/ncalayer/)                        

Техникалық жұмыстар

ЖТ МДҚ жұмысының іркілуіне байланысты ҚР ҰКО сервистерінің қолжетімсіздігі тіркелді.​

ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 кілтінің генерациясы

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы ағымдағы жылдың 1 қазанына жоспарланған ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 Жаңа қол қою алгоритміне көшуіне байланысты 15.06.2022 ж. негізгі жұпты генерациялау және ҚР Негізгі куәландырушы орталығында ҚР ҰКО тіркеу куәлігін қайта бағындыру бойынша іс-шаралар жүргізілгенін хабарлайды.