Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2020 жылғы 06 маусымдағы сағат 21:00-ден бастап 07 маусым сағат 05:00-ге дейінгі аралықта ҚР ҰКО қызметтерінің жауап беруін күту уақытының асуы ықтимал.
Техникалық жұмыстар
18/05/2020
Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2020 жылғы 19 мамырда сағат 00:00-ден бастап сағат 02:00-ке дейінгі аралықта ҚР ҰКО қызметтерінің жауап беруін күту уақытының асуы ықтимал.
Заңды тұлға үшін SSL сертификатын алу тәртібі
24/04/2020
COVID-19 коронавирусты таратудың әлеуетті көздері ретінде ақпаратты қағаз жеткізгіштердің айналысынан бас тарту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-на (ХҚКО) бармай-ақ заңды тұлға үшін SSL сертификатын алу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.
SSL сертификатын алу үшін өтінім беру қажет, ал оны заңды тұлғаның бірінші басшысы – домендік атаудың иесі растауы қажет. SSL сертификатын алуға өтінімді Бірінші басшы растағаннан кейін өтінім бір жұмыс күні ішінде қаралады.
Кілттік ақпаратты жеткiзгiштердi қолдану
24/04/2020
Қашықтан сәйкестендіру бойынша жеке басын растау арқылы кілттік ақпаратты жеткiзгiштерге (E-token, Kaztoken, Akey, JaCarta және жеке куәлік) ЭЦҚ кiлттерiн жазу мүмкіндігі іске асырылды.
ХҚКО-ға бармай-ақ заңды тұлға қызметкерлері мен «Қазынашылық – Клиент» АЖ қатысушылары үшін ЭЦҚ кілттерін алу
06/04/2020
Заңды тұлға қызметкерлері мен «Қазынашылық-Клиент» АЖ қатысушылары үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-ға (ХҚКО) бармай қашықтан сәйкестендіру бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін алу мүмкіндігін беретін пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлаймыз.