Хабарландыру
10/10/2024
Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы 2024 жылғы 12 қазанда заңды тұлғаның атынан ЭЦҚ кілттерін беруге және кері қайтарып алуға өкілеттік беру функционалына өзгерістер енгізуді жоспарлады. Енді бұл құқықтар «Қол қою құқығы бар қызметкер» шаблоны бойынша ЭЦҚ кілттері бар ұйым қызметкерлерінің ЖСН бойынша бекітілетін болады.
Назар аударыңыз! «Кадрлар бөлімінің қызметкері» шаблоны бойынша ЭЦҚ кілттері бар ұйымның қызметкерлері жаңартылғаннан кейін заңды тұлғаның атынан ЭЦҚ кілттерін беруді және қайтарып алуды жүргізе алмайды.