- Басты бет
- /
- Қазақстан Республикасының бейрезиденті үшін сертификаттарды кері қайтарып алу
Қазақстан Республикасының бейрезиденті үшін сертификаттарды кері қайтарып алу
«Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) резидент емес – жеке тұлға үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі:
- ҚР ҰКО сертификаттарын кері қайтарып алуға өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
- Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдік, азаматтығы жоқ адам құжаттарды ұсына отырып, олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасын да ұсынады (құжаттарды орыс тілінде ұсыну жағдайларын қоспағанда). Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның құжаттары мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетелдік азаматы болып табылатын Мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Сертификаттарды кері қайтарып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) жүгінбестен, жеке кабинетке өтіп, нұсқаулыққа сәйкес кері қайтарып алу қажет.
Сертификаттарды жеке кабинет арқылы кері қайтарып алған жағдайда, құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) ұсынылмайды
Резидент емес – заңды тұлға үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) ұсынылатын құжаттардың тізімі:
- заңды тұлға үшін ҚР ҰКО сертификаттарын кері қайтарып алуға өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);