Құрметті пайдаланушылар!
28/08/2025
2025 жылғы 28 маусымнан бастап жаңа ережелер күшіне енді: ҚР ҰКО ЭЦҚ кілттерін иесінің өзі ғана ала алады-сенімді тұлға арқылы ресімдеуге жол берілмейді.
Негізгі әдіс-қашықтан pki.gov.kz немесе eGov.kz биометриялық сәйкестендіруді қолдану. Биометриядан өту үшін 5 мүмкіндікке дейін қарастырылған. Олар сәтсіз аяқталған жағдайда, сіз ЭЦҚ кілттерін шығару немесе қайта шығару үшін ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгіне аласыз.
Өзіне өзі қызмет көрсету секторларында жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
- ЭЦҚ кілттерін тасымалдаушыға (флэш-дискке)көшіріңіз;
- өзіне-өзі қызмет көрсету секторының ортақ компьютерінен ЭЦҚ кілттерін алып тастауды ұмытпаңыз;
- ЭЦҚ кілттерін қорғау үшін күшті парольді пайдаланыңыз;
- ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз.
ЭЦҚ кілттері толықтай сіздің бақылауыңызда сақталуы тиіс. Оларға бөгде адамның қол жеткізуі — қауіпсіздіктің бұзылу қаупін тудырады. ЭЦҚ-ны тек мақсаты бойынша пайдалану ғана емес, сонымен қатар олардың нақты қайда сақталатынын және кімнің қол жеткізе алатынын қатаң қадағалау маңызды. ЭЦҚ-ға кез келген бөгде қол жеткізу – олардың қауіпсіздігін бұзу қаупі болып табылады.