Жаңалықтар

Жаңалықтар

Техникалық жұмыстар

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең аз белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);

e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;

«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;

Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.

Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Хабарландыру!

Құрметті пайдаланушылар!

Интернет желісінде OCSP және TSP қызметтерінің қолжетімділігіне қатысты проблемалар бар екенін назарларыңызға жеткіземіз.

Кері қайтарып алуға тіркеу куәліктерін тексеру үшін http://crl1.pki.gov.kz сілтемесін пайдалануға болады.

Жаңарту

Құрметті пайдаланушылар!

Егер NCALayer жаңарту кезінде қателер туындаса, NCALayer-ді келесі сілтемеден жүктеп , орнатуды ұсынамыз: https://ncl.pki.gov.kz/

Хабарландыру

Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы 2025 жылғы 17 қаңтарда сертификаттың ауысуына байланысты NCALayer жаңартты.

Хабарландыру

Құрметті пайдаланушылар!

Интернет желісінде OCSP және TSP қызметтерінің қолжетімділігімен мәселелер бар екенін назарларыңызға жеткіземіз. Бұл ретте іс жүзінде сервистер штаттық режимде жұмыс істейді, мәселе себептері анықталуда.