NCALayer қосылу кезіндегі қате

Қазіргі уақытта uBlock Origin кеңейтілуі  127.0.0.1 (localhost) мекенжайында ашық порттарды сканерлеуді анықтаған кезде сайттарды бұғаттай бастады. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу үшін жоғарыда аталған порт NCALayer қосымшасымен жұмыс істеу үшін қолданылады.

NCALayer қосымшасына қосылу кезінде қате орын алған  жағдайда, uBlock Origin браузерінің кеңейтімі өшірілгеніне немесе қол жеткізгіңіз келетін интернет-ресурс uBlock Origin кеңейту баптауларындағы ерекшеліктерге қосылғанына көз жеткізу керек.

Танымал браузерлер үшін uBlock Origin (Google Chrome, Opera, Mozilla) ажырату үшін қажетті сайттың басты бетіне өтіңіз (мысалы pki.gov.kz, egov.kz, goszakup.gov.kz ), содан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1) браузердің жоғарғы оң жақ бұрышында тежегіш  белгішесін (U) басыңыз.

2) өшіру белгішесіне басыңыз.

Сонымен қатар, https://yandex.ru/support/common/troubleshooting/yandex-in-adblock.html#ublock-origin сілтемесі бойынша  Яндекс қызметінің мысалында uBlock Origin тежегішін ажырату  жөніндегі  нұсқаулықпен таныса аласыз.