egov.kz порталында ЭЦҚ кілттерін смартфон камерасының көмегімен қашықтықтан алу

2022 жылғы 23 сәуірден бастап eGov.kz порталында ЭЦҚ алу үшін Digital ID бейне тексеруі компьютердің камерасын қолданбастан қолжетімді болады.

Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі – Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR -кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.

Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.

Бейне нұсқаулыққа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=64RGF5MwfCY

Айта кету керек, QR–код арқылы бейне тексеруді өз мобильді телефоныңызда өту ұсынылады.