ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 көшу және сәйкестендіру кілтінен бас тарту мерзімдері жылжытылуда

         Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшу және RSA алгоритмінде аутентификация кілтінен бас тарту бөлігінде  Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында (бұдан әрі ҚР ҰКО) жоспарланған өзгерістерді іске асыру мерзімдерін өзгерістер туралы алдын ала хабарламаларға қарамастан, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері 2022 жылғы 27 маусымға дейін өз АЖ-да тиісті пысықтаулар жүргізуге үлгермеуіне байланысты 2022 жылғы 1 қазанға дейін ауыстыру туралы шешім қабылдады.

         Жоғарыда баяндалғанға байланысты, аталған өзгерістер шеңберінде ҚР ҰКО ақпараттық жүйесін жаңарту 2022 жылғы 1 қазанға дейін ауыстырылады.