Жаңалықтар

Жаңалықтар

Техникалық жұмыстар

Құрметті пайдаланушылар!

2023 жылғы 28 ақпан сағат 21:00-ден 2023 жылғы 1 наурыз сағат 08:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта ҚР ҰКО қызметтерінің қысқа мерзімді қолжетімсіз болуы мүмкін.

ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартқа көшу мерзімін ауыстыру

ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартқа көшу бөлігінде жоспарланған өзгерістерді іске асыру мерзімдерінінің ауысқаны туралы хабарлайды,  ақпараттық жүйелердің бір бөлігі ҚР ҰКО-да жоспарланып отырған өзгерістер туралы алдын ала хабардар болғанмен, өз АЖ-да тиісті пысықтаулар жүргізуге үлгермейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартқа көшу күні туралы ҚР ҰКО арнасының сайтында және телеграмм ресми арнасында қосымша хабарланатын болады.

Жаңарту

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы 2022 жылғы 26 қарашадан бастап сайттағы жеке кабинет арқылы жеке тұлғалар үшін ғана ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 алгоритмінде тіркеу куәліктерін шығаруды бастады pki.gov.kz

Шығару қол қою және аутентификациялау үшін пайдаланылатын ЭЦҚ-ның бір ғана кілтімен жүргізіледі.

Осы ЭЦҚ кілтін тек жеке тұлғаның жеке кабинеттен алуға болады (қашықтан сәйкестендіру арқылы шығарылған кілттерді (қоспағанда), ЭЦҚ кілтін алу жөніндегі Нұсқаулық ҚР ҰКО ресми сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://pki.gov.kz/docs/guides_ru/lk_fl/#3410-2015

Сонымен қатар, ЭЦҚ-ның бұл кілті ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 жаңа алгоритмін қолдайтын ақпараттық жүйелерде ғана жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Проблемалар туындаған жағдайда NCALayer жаңартуды ұсынамыз.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2022 жылғы 26 қараша сағат 21:00-ден 2022 жылғы 27 қараша сағат 9:00-ге дейінгі кезеңде ҚР ҰКО сервистерінің қолжетімсіздігі туралы хабарлаймыз.

Egov mobile арқылы QR қол қою

Құрметті Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың ақпараттық жүйелерінің иелері, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы EGOV Mobile мобильдік қосымшасы арқылы QR қол қоюды енгізу мүмкіндігі бар екенін хабарлайды.

Толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://sb.egov.kz/smart-bridge/services/passport/NITEC-S-5096